Санжар Боқаев жаңа саяси партия құратынын айтты

Санжар Боқаев жаңа саяси партия құратынын айтты
Сурет: Massaget.kz

Ол өз партиясының атын «Намыс» деп қойған.  

Ақпанның 17 күні танымал қазақстандық саясаттанушы Санжар Боқаев Алматыда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырып,  жаңа саяси партия құратыны туралы айтты,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Санжар Боқаевтың сөзіне жүгінсек, бұл Қазақстан жастарының басын біріктіретін цифрлы партия болады. Партия мемлекеттер бар мәселелерді шешуге септігін тигізуге дайын екенін айтады. Алдағы уақытта партия Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырып, тіркеуден өтеге тиіс.

«Мұндай шешімге біз бір күнде келе салған жоқпыз. Мұндай шешім қабылдауға елімізде орын алған қаңтар оқиғасы және одан бұрындары орын алған саяси процесстер әсер етті.Бүгінгі таңда біздің елде халықтың мүддесі үшін жұмыс істейтін партия жоқ, деп санамын. Сол себептен  біздің партия халықтың мүддесін қорғатын болады»,- деді Санжар Боқаев.

Баспасөз мәслихаты барысында Санжар Боқаев партияның алдыға қойған мақсаттары жайында айтты. Бұл партия алдағы уақытта сот жүйесіндегі, білім және мәдениет саласындағы мәселелерді көтеруді көздеп отыр.