Қазақстан теннисшісі Таиландта өткен ірі турнирде сенсация жасады

Қазақстан теннисшісі Таиландта өткен ірі турнирде сенсация жасады
Сурет: sports.kz
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өткен ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz  Sport.kz-ке сілтеме жасап.

Дүниежүзілік рейтингте 1057-орында тұрған Ломакин финалда әлемнің 680-інші, доданың 3-ракеткасы болып табылатын жергілікті теннисші Касидит Самреймен бас жүлдені сарапқа салды. Қарсыласын жеңуі мүмкін емес деп топшылағанған додада жерлесіміз сенcация жасады.

Үш сет бойында: 7:6, 4:6, 6:3 есебімен ол қарсыласынан басым түсіп, чемпиондық атақты жұлып алды. 

Айта кетсек, Ломакин турнирді іріктеу сынынан бастап бір апта ішінде жеті матч бойында қатарынан жеңіске жеткен. 

Жарыстың жүлде қоры - 15 мың АҚШ доллары.