Арсыланның ерлігін қала тұрғындары ұмытпайды

Арсыланның ерлігін қала тұрғындары ұмытпайды

Алматы қаласының әкімдігі аға өрт сөндіруші-құтқарушы Арслан Құрманбековтің отбасына көңіл айтады

Азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбеков Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіндегі таудың баурайында өртті сөндіру кезінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапты. Ол жанып жатқан ағаштың діңі құлаған кезде алған жарақаттарынан қайтыс болды. 

Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Бұл - орны толмас ауыр қайғы.

Құтқарушы мамандығының қашанда тәуекелі жоғары. Сержант үлкен қайғылы оқиғаның алдын алу үшін өз өмірін құрбан етті. Оның өшпес ерлігін әріптестері және қала тұрғындары ұмытпайды.