Аргентиналықтардың 43%-дан астамы Мессиді Президент етіп сайлауға дайын – сауалнама

Аргентиналықтардың 43%-дан астамы Мессиді Президент етіп сайлауға дайын – сауалнама
Сурет: Sputnik.by

Сауалнамаға барлығы 2500 адам қатысты.

Сауалнамаға қатысушылардың жартысына жуығы «ПСЖ» ойыншысы және ұлттық құрама футболшысы Лионель Месси Президент сайлауына қатысса, оған дауыс беруге дайын екенін айтқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

MSN хабарлағандай, Giacobbe & Asociados әлеуметтік сауалнамасына сәйкес, Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы болған 35 жастағы футболшыға респонденттердің 43,7% дауыс берді. Оның кандидатурасына 37,8% қарсы болған. Тағы 17,5% «мүмкін» опциясын таңдаған және респонденттердің тек 1%-ына жауап беру қиынға соқты. Сауалнамаға барлығы 2500 адам қатысты.

2022 жылғы әлем кубогының финалында аргентиналықтар Франция құрамасын жеңді. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша 30 минутта командалар бір реттен доп тепті, ал пенальти сериясында аргентиналық футболшылар 4: 2 нәтижесін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша Месси ең үздік ойыншы болып танылды.