Аптап ыстық жүкті әйелдердің мезгілінен ерте босану қатерін арттырады

Аптап ыстық жүкті  әйелдердің мезгілінен ерте босану қатерін арттырады
Сурет: Depositphotos

Австралиялық ғалымдар жаңа туған нәрестеге 1,2 миллион зерттеу жүргізген.

Аптап ыстықтан жүкті  әйелдердің құрсағындағы шарананы шала туу қаупін 50-60%-ға арттыратынын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әсіресе,  мезгілінен бұрын босану қатері жүктіліктің соңғы айында айтарлықтай артатын болып шықты. Мұндай қауіп көк желегі жоқ аймақта немесе күндізгі аптап ыстықтың табы түнде де қайтпайтын өңірде күшейеді. Аптап ыстық пен құрғақшылық халықтың өсу қарқынын тежейтіні де айтылды. Мұндай қатерден аяғы ауыр әйелдер өзін салқын жерде күтіп ұстауы арқылы қорғай алады. Дәлірегі, күтінген жүкті әйелге аптап ыстықтан төнетін қатер деңгейін 10-12 пайызға дейін төмендетуге болады.