Алматы облысындағы ауруханаға жасалған шабуылдың мән-жайы белгілі болды

Алматы облысындағы ауруханаға жасалған шабуылдың мән-жайы белгілі болды
Сурет: Ашық дереккөз

"Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді

Полицейлер Шелек ауылындағы ауруханаға шабуыл жасады деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

21 наурыз күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Шелек ауылының ауруханасынан 1986 жылғы А. есімді азаматтың дене жарақаттарымен хирургиялық бөлімге жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Сол күні Шелек ауылы ПБ СДТБТ-да ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді.

"Тергеу барысында зардап шеккен адам мен 1988 жылғы И. есімді азамат арасында Наурыз мерекесі өткен ауылдың шетінде ауызша жанжал туып, төбелеске ұласқан, соңғысы денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген затты пайдаланып, А. есімді азаматқа дене жарақатын салған", - делінген хабарламада.

21 наурыз күні азамат А. емделіп жатқан медициналық мекемеде орын алған 1990, 1994, 1996 және 1997 жылғы төрт адамның заңсыз әрекеттері видеоға түсірілген.

Жоғарыда аталған адамдар мен қылмыстың негізгі фигуранты ұсталып, қамаққа алынды. Қазір жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу органы істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.