Өткен тәулікте 90 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 90 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Бір науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Өткен тәулікте Қазақстанда 90 адам коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің 22 ақпандағы мәліметінше, 1 612 адам коронавирус инфекциясынан (–1 447+ және 165 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 115 пациент стационарда, 1 497 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.