Антарктидадан көлемі Лондондай айсберг бөлінді

Антарктидадан көлемі Лондондай айсберг бөлінді
Сурет: Ren.tv

Антарктидадағы Брант шельфтік мұздығынан көлемі Үлкен Лондонмен бірдей айсберг бөлінді.

Ғалымдар бірнеше жыл бойы қалыңдығы 150 метрлік мұздағы жарықты бақылаған, ол толықтай жексенбі күні бөлінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

1500 шаршы километрден астам үлкен айсберг бөлінгенін жариялаған Британия антарктидалық қызметі (BAS) мұның климаттың өзгеруіне тікелей қатысы жоқтығын және теңіз деңгейінің көтерілуіне әкелмейтінін мәлімдеді.

Бұл оқиғаға алдын ала дайындалған: Брант шельфтік мұздығында Halley британдық зерттеу стансасы орналасқан, 2016 жылы қауіпсіздік мақсатында оны «Бездна 1» жарығынан 23 шақырымға ауыстырған болатын.