Бүгін Астанада АӨСШК VI саммиті өтеді

Бүгін Астанада АӨСШК VI саммиті өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін, 13 қазанда Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл халықаралық форумға АӨСШК мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары қатысады.

Саммит аясында ықпалдастықтың өзекті мәселелері мен осы ұйым қызметінің басым бағыттарын талқылау жоспарланып отыр.