Қала әкімі Әуезов ауданының тұрғындарымен кездеседі

Қала әкімі Әуезов ауданының тұрғындарымен кездеседі
almaty-akshamy.kz

2023 жылдың 26 қаңтарында сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуі "Ақсай-4" шағынауданы, 107 мекенжайындағы №132 гимназияда өтеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Әуезов әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады:
1. https://www.youtube.com/c/AlmatyUS 
2. https://www.facebook.com/profile.php?id=100034986197656

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.