Алтынай Жұмагелдиева дойбыдан халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды

Алтынай Жұмагелдиева дойбыдан халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Алтынай Жұмагелдиева дойбыдан халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Саарбрюккен қаласында (Германия) ерлер мен әйелдер арасында 64 шаршылы дойбының рапид түрінен өткен Германияның ашық чемпионаты өз мәресіне жетті. 

Жаһандық додаға Германия, Украина, Латвия, Нидерланды, Қазақстан, Армения елдерінен 22 дойбышы қатысып, бақ сынады.

Нәтижесінде Алтынай Жұмагелдиева үздік нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты.