Алматыда жаңа қалалық бағыт іске қосылады

Алматыда жаңа қалалық бағыт іске қосылады
Almaty-akshamy.kz

2023 жылғы 15 қарашадан бастап №89 жаңа қалалық бағыт іске қосылады, метроның «Райымбек батыр» станциясынан Алматы облысының Іле ауданында орналасқан Gate City ТК-не дейін жүретін болады.

Осы бағытта МАЗ-203069 маркалы сыйымдылығы үлкен автобустар қызмет көрсетеді, қозғалыс аралығы 8 минут болатын 13 жылжымалы бірлік санында жүргізетін болады. 

Еске салсақ, ағымдағы жылдың басынан бері 10 қалалық және қала маңындағы жаңа бағыттар ұйымдастырылып, 22 бағыттың жылжымалы құрамы жаңартылды.