Алматының Алатау ауданында ірі рекреациялық аймақтардың құрылысы аяқталады 

Алматының Алатау ауданында ірі рекреациялық аймақтардың құрылысы аяқталады 
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Алатау ауданында "Халық қатысатын бюджет" аясында 50-ден астам қоғамдық кеңістік құрылды
 
2023 жылы Алматыда "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында 50-ден астам қоғамдық кеңістік құрылды. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Қоғамдық кеңістіктерге мыналар кіреді: ұзындығы 1,5 км Аханов көшесіндегі үш шағын ауданды байланыстыратын жаяу жүргіншілер аймағы: Алатау Сити, Ақбұлақ, Дарабоз ш/а, "Сирень бағы" тақырыптық алаңы, Зерделі шағын ауданындағы алаң, аумағы 35 болатын Қарасу ш/а сквер, ол жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша құрылған.

2024 жылы 2,5 млрд теңге сомасына "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасының 45 жобасы іске асырылатын болады, Қарасу ш/а-да сквер құрылысы жалғасады.  "Қарағайлы бор" скверін кеңейту, сондай-ақ Чуланов, Өтемісов және Доспанова көшелерінде қоғамдық кеңістіктер құрылады.
Сонымен қатар, осы жылдың мамыр айында Боралдай өзені бойындағы  Өжет шағын аудандағы тоған айналасындағы ірі рекреациялық аймақтардың құрылысы аяқталады. 

Айта кетерлігі, рекреациялық аймақ – бұл халықтың демалыс орындарын ұйымдастыруға арналған қаладағы арнайы бөлінген аумақ