Индонезияның алтын кен орында көшкін жүрді

Индонезияның алтын кен орында көшкін жүрді
Сурет: Ulansea.com

Индонезияның Батыс Калимантан провинциясындағы алтын кенішінде көшкін жүріп, 20 жұмысшы жер астында қалып қойды. Бұл туралы Индонезияның құтқару қызметінің өкілі Эрик Субарьянто айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға бейсенбі күні болған, бірақ құтқарушылар бұл туралы бір күннен кейін ғана білген. 

«Бізге жұма күні кешке ақпарат келіп, дереу оқиға орнына құтқару қызметін жібердік», - деді Э.Субарьянто.

«Жауын-шашынның көп түсуіне, шахтаның шалғай орналасуына және коммуникацияның нашарлығына байланысты құтқару жұмыстары баяу жүріп жатыр. Шахта аймағындағы жұмыстарға әскерилер, жергілікті төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен ауыл тұрғындары да жұмылдырылған», - деді Э. Субарьянто.