Алатау ауданы биылғы күзде 30 қосымша мектеп автобусын алады

Алатау ауданы биылғы күзде 30 қосымша мектеп автобусын алады
almaty-akshamy.kz

Алматның Алатау ауданында 2024 жылы 23 мыңға жуық оқушыны мектеп автобустары тасымалдайтын болады
 
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

"Мектеп автобусы" жобасы аясында Алатау ауданында 2023 жылы 10 мыңнан астам оқушыға қызмет көрсететін 6 мектепке 36 автобус бөлінді.
Жаңа оқу жылының басында 23 мыңға жуық оқушыны қамти отырып, 14 мектепке тағы 30 автобус бөлу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, "Мектеп автобусы" жобасы қала басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі аясында мегаполисте жүзеге асырылуда. Ол бастауыш сынып оқушыларына және мектептен алыс балаларға бағытталған. Оны жүзеге асыру үшін өткен жылы қала 100 арнайы автобус сатып алды. 2024 жылы тағы 100 автобус сатып алып, Алматыдағы  27 мектепті қосымша қамту жоспарлануда.