Алматының Ақкентінде шыққан өртке байланысты қандай шаралар қолға алынды?

Алматының Ақкентінде шыққан өртке байланысты қандай шаралар қолға алынды?
Сурет: Inbusiness.kz

Ақкент ықшам ауданы, № 54 көп қабатты үйде болған өртке байланысты  келесі шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

- Аудан әкімі А. Қалдыбековтың төрағалығымен № 54 үйдің алдында жедел штаб құрылды, оған ТЖД, ПБ, Gрокуратура, ҰҚК, әкімдік, РМО, РҚБ өкілдері кіреді;
- Жедел штабтың тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды;
- Полиция басқармасы зардап шеккен азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерде полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырды;
- Зардап шеккен тұрғындар үшін тамақтану және түнейтін орын ұйымдастырылды ( қонақ үй мен 178 лицейдің спорт залы);

- Алматы қаласының құтқару қызметі арқылы 250 орынға арналған төсек-орын мен матрацтар ұйымдастырылуда;
- Аумақты санитарлық тазарту бойынша аудан қызметінің жұмысы ұйымдастырылды;
- Аудан әкімдігі пәтердің бүлінген материалдарын (терезелер, есіктер және т. б.) қалпына келтіру мәселесі бойынша құрылыс салушымен келіссөздер жүргізді, нәтижесінде құрылыс салушы пәтерлерді қалпына келтірету міндетін алды;
- Тұрғындар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде;
- Зардап шеккендер үшін жедел желі ұйымдастырылды: 87071872507 
3989820
- Зардап шеккендерді уақытша тұрумен қамтамасыз ету үшін жақын маңдағы қонақүйлермен келіссөздер жүргізілді;

Қазіргі уақытта барлық қызметтер штаттық режимде жұмыс істейді, аудан әкімі А. Қалдыбеков және барлық мүдделі қалалық және аудандық қызметтер оқиға орнында. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.