Алматылықтар қала күнін қалай атап өтеді?

Алматылықтар қала күнін қалай атап өтеді?
Сурет: old.vecher.kz

Мерекелік шаралар 16-18 қыркүйек күндері өтеді.

Алматыда қала күніне орай 16-18 қыркүйек аралығында мерекелік іс-шаралар өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары концерттер, жәрмеңкелер, фестивальдар көре алады, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz. 

Мерекелік іс-шаралар бір мезетте бірнеше жерде өтеді: Тұңғыш Президент саябағы, Абай алаңы, Панфилов және Жібек Жолы көшелері, Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңда, Астана алаңы және «Алматы Арена» мұз сарайында.

16 қыркүйек

  • 15.00 «Алатау» дәстүрлі өнер театрында республикалық ақындар айтысы өтеді.
  • 16.00-21.00-де «Медеу» мұз айдынында «Medeu Party» халықаралық стрит-арт фестивалі өтеді. 

17 қыркүйек

  • Сағат 17.00-де «Астана» алаңында «Gakku дауысы» заманауи қазақстандық музыка фестивалі өтеді.
  • Қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді (Алатау ауданы: «Алатау» дәстүрлі өнер театры алдындағы аумақ; Алмалы ауданы: Mega Park СОО аумағы; Әуезов ауданы: Family park аумағы; Бостандық ауданы: Mega Almaty; Жетісу ауданы: Құлагер шағын ауданының жаяу жүргіншілер аймағы; Медеу ауданы: Орталық мәдениет және демалыс саябағы; Наурызбай ауданы: Шұғыла көшесі, 347 мекен-жайындағы әкімдік ғимаратының алды; Түрксіб ауданы: Сейфуллин атындағы саябақ).
  • 17-18 қыркүйек сағат 11.00-ден бастап Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңда (Жібек Жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы) 1940-шы жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі қаланың мәдени-тарихи дәуіріне арналған «Сүйемін сені, Алматы» фестивалі өтеді. 

18 қыркүйек

  • 12.00-де Тұңғыш Президент саябағында «Алма fest» негізгі мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылады, соның аясында алма жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама және көптеген іс-шара өтеді.
  • 18.00-де Almaty Arena мұз кешенінде Salem Almaty концерті өтеді.
  • 19.00-де «Астана» алаңында Zhuldyzdy Live концерті болады.

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН

     ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

     

    Іс-шара

    Күні

    Орны

     

    НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАР

    1.            

    Айтыс

    16 қыркүйек, сағат 15.00

    «Алатау» ДӨТ

    2.            

    «Medeu Party» туристік мәдени іс-шарасы

     

    16 қыркүйек,

    сағат 16.00-21.00

    «Медеу» БСК

    3.            

    «Gakku дауысы» қазақстандық музыка фестивалі

     

    17 қыркүйек, сағат 17.00

     

    Астана алаңы

    4.            

     «Сүйемін сені, Алматы» street фестивалі

    17-18 қыркүйек

    сағат 11.00

     

    Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңы, Жібек Жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы

    5.            

    «Aлма fest» қала күніне арналған мерекелік іс-шара

    18 қыркүйек,

    сағат 12.00-20.00

     

    Тұңғыш Президент саябағы

    6.            

    «Zhuldyzdy Live» концерті

    18 қыркүйек, сағат 19.00 

     

    Астана алаңы

    7.            

    «Salem Almaty» концерті

    18 қыркүйек, сағат 18.00

     

     «Almaty Arena» МА