Алматыда нәресте сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда нәресте сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Сурет: Dreamstime.com

Олар нәрестелерді баласы жоқ отбасыларға ұсынған.

Алматыда нәрестелерді сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазіргі кезде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және балалары жоқ ерлі-зайыптыны іздеген. Сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәлігін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша «Кәмелетке толмағандарды сату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 135-бабы («Кәмелетке толмағандар саудасы, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекет») бойынша тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.