Алматыда қалта ұрлығымен айналысқан шетелдіктер ұсталды

Алматыда қалта ұрлығымен айналысқан шетелдіктер ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Ұрылардың ұрлық жасап келген негізгі орны - қоғамдық көліктер.

Смартфондарды ұрлады деген күдікке ілінген Өзбекстан азаматтары – 42 жастағы С.есімді азамат және оның 46 жастағы серігі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Белгілі болғандай, ер адамдар бірнеше ай бойы ұрлықпен айналысқан, олар негізінен қоғамдық көлікте қылмыс жасап жүрген. Телефондар қаскөйлердің олжасы болды. Күдіктілер ұсталды. Тәркіленген телефондар олардың “іс-әрекетінің” дәлелі болды. Қазіргі уақытта тергеу күдіктілердің 3 ұрлық дерегіне қатыстылығын анықтады. Тағы да эпизодтар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осы мақсатта ұсталғандардың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.