Оң үрдістер бастауы 

Оң үрдістер бастауы 
Сурет: Zviazda.by

Өзгерістерді жан-жақтан қолдаумыз керек

Мемлекетіміз жаңа даму кезеңін бастады. Біз дана Абай қалаған рухани жолға бастап барамыз. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам». Жаңа тәуелсіз ұранымыз жарияланып, жолымыз айқындалды. 

Алдымызда конституциялық реформа, жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам күтіп тұр. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық үлкен өзгерістерге ұласады деп ойлаймын. Экономикаға байланысты ұсыныстар көп. Мен оларға тоқталмай-ақ қояйын. 

Қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда мемлекеттің ішкі саяси реформаларының орнықтылығы – өте маңызды мәселе. Президент Жолдауындағы жаңа саяси практика, жаңа саяси дәстүр – жариялылық принципіне үлкен көңіл бөлініп отыр. Саяси реформалар бағдарламасында сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту, партия жүйесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту секілді мәселелер өз шешімін табады. Биыл кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Осы саясы реформалардың қажеттігін бәріміз түсініп жатырмыз. Бұл мемлекетімізге, бәрімізге және тәуелсіздігіміз үшін қажет деп ойлаймын. Өзгерістерді жан-жақтан қолдаумыз керек. Өте күрделі тарихи кезең екенін бәріміз біліп тұрмыз. 

«Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік! Мемлекетімізді қорғау – мен үшін аса маңызды міндет. Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын!», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы. Ең бастысы – сол деп есептеймін. 

Ұсыныстар көп. Соның ішінде Ұлттық қордан түскен табысты балаларға бөліп беру және зейнетке шығу жасын өсіруді тоқтату да өте маңызды. Денсаулық сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Жолдаудың басында жастарға қолдау білдіріп жатыр. Жастарға ерекше жол беруіміз керек. Қазіргі жастардың алға ұмтылысы жақсы. Жалпы, Жолдау – оң өзгерістердің бастауы.