Таиландта туристерге қатысты шектеу шаралары жеңілдейді

Таиландта туристерге қатысты шектеу шаралары жеңілдейді
Сурет: Pro-gent.kz

Таиландта 1 қазаннан бастап туристер үшін коронавирустық шектеу шаралары жеңілдейді. Билік туризм саласына қайта қан жүгірту үшін осындай шешім қабылдап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа тәртіпке сай елге келген меймандардан ПТР-тесттің теріс нәтижесі мен вакцинаны растайтын төлқұжат талап етілмейді. Ал ковид белгілері бар адамдар карантинде отырмайтын болады. Олар тек бетперде тағуға міндетті.