Әлеуметтік саланы дамыту – өте маңызды

Әлеуметтік саланы дамыту – өте маңызды
Сурет: Caravan.kz

Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында еліміздің даму бағдарының негізгі бағыттары нақты белгіленіп, жүргізілер реформалар айқындалған. 

Соның ішінде, әсіресе, әлеуметтік саладағы бағыттарға басты назар аударылған. 

Денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысы, дәрігер ретінде мен үшін осы Жолдаудағы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған реформалардың өте маңызды және оны қолдайтынымды айтқым келеді. 

Атап айтқанда, медицина саласын барынша қажетті деңгейде қаржыландыру, білім беру сапасын жетілдіру, зейнетақы жүйесін жаңғырту, «Балалар жылы» аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыру, балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотының ашылуы сияқты халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге арналған. 

Мәселен, дәрігерлік істе бүгінгі күні ең негізгі ресурс, ол – білікті маман. Жоғары технология даму барысында, жасалып жатқан операция, процедуралар да дамып жатыр. Осы орайда, қазіргі таңда арнайы мамандандырылған профильді дәрігерлерді даярлау сұрағы туындап отыр. Дәл осы мәселені шешетін жол – резидентурада жалпы тәжірибелі дәрігерді тереңдетілген арнайы даярлау. Жолдауда 3 жылда резидентурада білім алу көлемін 70%-ға дейін көтеру. Қазіргі таңда Алматы әкімдігі басқа аймақтармен салыстырғанда ең көп білім грантына қаржыландыру бөліп отыр, тапсырыс көлемін Жолдау негізінде одан да жоғарылатса, қаламыздың профильді маман тапшылығын тезірек жоюға, салдарында, денсаулық сақтау ісінің сапалық дамуына әкелетінін түсінемін. Сонымен қатар, Президентіміз өз Жолдауында: «Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек» екендігі аталды, бұл еліміздің әрбір азаматының, әрқайсымыздың қоғам алдындағы жауапкершілігіміз, ұрпақ алдындағы міндетіміз, өз өміріміздегі басты дәстүріміз болуы керек деп ойлаймын. 

Сондықтан қымбатты қазақстандықтар, барлығымыз өз жеке басымыз, жанұямыз, ұжымымызда осы принциптерді ұстануға шақырамын!