Алматыда полиция маманы бір адамды суицидтан құтқарды

Алматыда полиция маманы бір адамды суицидтан құтқарды
Сурет: Polisia.kz

Суицид жасамақшы болған адаммен қазіргі кезде психологтар жұмыс істеп жатыр.

Алматыда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызды суицидтан құтқарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ішкі істер министрлігінің ресми сайты берген мәлімет бойынша, 24 шілдеде таңғы сағат төрт жарымда Қарасай батыр көшесіндегі үйлердің бірінің шатырында бір қыз төрт қабатты үйдің шатырына шығып, секірмек болған. Мұны патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ ғимаратынан шығып бара жатқанда көрген.

«Полиция лейтенанты Расул Маметниязов пен полиция аға лейтенанты Данияр Тастекеев еш ойланбастан үйге жүгіріп келіп, өрт сөндірушілер баспалдағымен шатырға көтерілді. Қыз шатырдың ең шетінде тұрған, жас қызметкер оны соңғы қадамға баруға дайын болған сәтте ұстап алды. 28 жастағы Валерия есімді қыз есеңгіреген күйде болған», – делінген полиция хабарламасында.

Полиция оның күйзелісте болғандығын және суицидке не себеп итермелегені әлі белгісіз екенін атап өтті. Қазіргі кезде онымен психологтар жұмыс істеуде. Полиция қызметкерлерінің келісілген және жедел әрекетінің арқасында адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.