Украинадағы қазақстандықтарға 25-26 ақпанда арнайы рейс жоспарланды

Украинадағы қазақстандықтарға 25-26 ақпанда арнайы рейс жоспарланды
Сурет: Inform.kz

Бүгін-ертең Украинадағы қазақстандықтар елге орала алады

Рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтарына Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

«Азаматтардан мүмкіндігінше Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19. Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласу қажет: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49», - деп хабарлайды министрлік.