Алматылықтар білуге тиіс қарапайым он қағида

Алматылықтар білуге тиіс қарапайым он қағида
Суретті түсірген - К.Қонысбаев
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі алматылықтарға тағы да үндеу жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Биік үйлерде тұратын алматылықтар білуге тиіс 10 қарапайым ережені есте сақтауды ұсынады:

  • Дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз;
  • Жер асты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;
  • Жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;
  • Жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);
  • Ғимараттан шығыңыз (көп қабатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын-ала дайындалған «дабыл чемоданын» алыңыз;
  • Ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.