Алматылық оқушыларға полицейлер жол ережесін түсіндірді

Алматылық оқушыларға полицейлер жол ережесін түсіндірді
Сурет: Polisia.kz

«Назар аударыңыз! Балалар!» іс-шарасы аясында Алматы полициясы Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты және Қазақ автомобиль-жол институтының көмегімен науқан өткізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Іс-шараның бірі Алматы қаласы Медеу ауданындағы №35 орта мектепте өтті. Оның қатысушылары балалардың жол-көлік жарақаты мәселесіне назар аударту үшін флешмобқа қатысты. Айта кету керек, іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғалары мен өлім-жітім санын азайту мақсатында жүргізіліп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Сонымен қатар ол бұл шара жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібін жақсартуға, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

«Біз жол қозғалысы ережелерін және жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын түсіндіру бойынша рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткіземіз. Жас қатысушыларға шағылыстыратын білезіктер берілді», – деді Ұзабаев.