Алматыдағы Туризм пандемияға дейінгі деңгейге оралды

Алматыдағы Туризм пандемияға дейінгі деңгейге оралды
almaty-akshamy.kz

2022 жылы мегаполиске 1,8 млн турист келді: 2021 жылмен салыстырғанда өсім 48%-ды құрады.

Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында қалалық экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәлімдеді. 

Туристік лектің ұлғаюы тиісті инфрақұрылымның дамуына әклуде. Өткен жылы мегаполисте 2,2 мың төсек- орынға арналған 14 жаңа қонақ үй кешені ашылды. Қала тау туризмі арқылы шетелдіктер үшін тартымды: өткен жылы ұзындығы 150 км 12 маршрут пен 3 кемпинг аймағын абаттандыру аяқталды.