Алматыдағы «Целинный» кинотеатры өнер орталығына айналады

Алматыдағы «Целинный» кинотеатры өнер орталығына айналады
Сурет: Forbes.kz

Кинотеатр ретінде ол заманауи стандарттарға сәйкес келмейді.

Сондықтан кинотеатрды енді өз мақсатына сай пайдалануға болмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дегенмен, ғимаратты ешкім бұзбайды, себебі оның мәдени құндылығы тым жоғары. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуінде айтты.

«Қазіргі заманғы өнерге арналған жаңа орталық болады. Жұмыс барысында қасбеттің жоғарғы қабаттарының астында бірегей мозаика табылды, сондықтан арнайы рұқсаттар қажет болды. Келесі жылдың соңына дейін Алматы қаласында жаңа мәдениет ошағы бой көтереді деп сенемін. Кинотеатр ретінде ол заманауи стандарттарға сәйкес келмейді», – деді әкім.