Еліміздегі дәрі-дәрмектің 80%-ы шетелден алынды

Еліміздегі дәрі-дәрмектің 80%-ы шетелден  алынды
Сурет: Aikyn.kz

ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов айтты.

Қазақстандағы дәрі-дәрмектің 80%-ы басқа елдерден сатып алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Дәрі-дәрмектің 80%-ы басқа елдерден сатып алынды. Бірнеше позициялар қалды. Ол бойынша қазіргі таңда сатып алу процесі жүргізіліп жатыр. Украинадан арнайы келісімшартпен 20 шақты дәрі-дәрмек сатып алатын едік. Соңғы оқиғаларға байланысты арнайы келісімшарттар жойылып, оның орнына басқа елдерден дәрі-дәрмек сатып алу процесі жүргізіліп жатыр», - деді Бауыржан Жүсіпов.

Журналистің «Қытайдан қанша дәрі-дәрмек түрін алып отырсыздар» деген сұрағына министрлік өкілі тарапынан мардымды жауап болмады.

«Қазір ондай толық статистиканы айта алмаймын. Негізгі дәрі-дәрмектің көбісі СҚ-Фармация алатын бойынша Еуропа елдерінен, Ресейден әкелінеді. Одан бөлек Қытай, Үндістан мемлекеттерінен де аламыз. Толық пайызын сізге жазбаша түрде берейін», - деді департамент директоры.