Алматыда жыл басынан бері алты қоқыс орны жойылды

Алматыда жыл басынан бері алты қоқыс орны жойылды
Сурет алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жыл басынан бері алты стихиялық қоқыс орны жойылды

Алматыда қалдықтарды көмуге арналған бірде-бір полигон жоқ, деп хабарлады қалалық әкімдік өкілдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында.
 
Барлық қоқыс қалалық сұрыптау кешеніне, сонымен қатар, Алматы агломерациясының аумағында орналасқан полигондарға шығарылады. Мәселе жыл сайынғы 440 мың тонна қатты тұрмыстық және шамамен 130 мың тонна құрылыс қалдықтары туралы болып отыр. 

Қала тазалығына коммуналдық қызметтер мен тұрғындар да ынталы. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Алматыда 235 коммуналдық сенбілік өткізіліп, 2 653 тонна қалдық шығарылды.

Алматы әкімдігінің бейінді басқармаларының мәліметінше, жыл басынан бері қалада Қазақстан Ғарыш Сапары мониторингінің арқасында анықталған 6 стихиялық қоқыс орны жойылды. Алматы аумағында ұйым қызметкерлерінің үнемі аралау, тазалау және қоқыс жинауының арқасында санитарлық бақылау тиімді жүргізіледі. 

Алматы әкімдігі тұрғындарды қалада тазалықты сақтауға шақырады: қоқысты арнайы жәшіктерге тастау, қоршаған ортаға бей-жай қарамау, қалдықтарды санатына сәйкес кәдеге жарату.
Айта кетейік, рұқсат етілмеген полигондар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.