Қоржынға алғашқы алтын түсті

Қоржынға  алғашқы алтын түсті
Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

“Скиттегі” топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина жеңіске жетті. Біздің спортшылар сондай-ақ Азия ойындарының рекордын орнатты.
Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 10 медаль бар.