Алматыға қайыр сұрау үшін арнайы келген шетел азаматтары анықталды

Алматыға қайыр сұрау үшін арнайы келген шетел азаматтары анықталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы полицейлері қайыршылардың орнын тексерді

Көші-қон қызметінің мәліметінше, қоғамдық орындарда қайыр сұрағандар арасында шетел азаматтары көп, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz 

«Айтпақшы, бұл күндері шаһарда өтіп жатқан «Келімсек» іс-шарасына қатысты балалы әйелдер анықталды. Олар – Өзбекстан азаматтары. Белгілі болғандай, олар Алматыға арнайы қайыр сұрау үшін келген. Әйелдер ҚР ӘҚбК-нің 517-бабы 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың балалары нәрестелер үйіне жіберілді. Жалпы, жолдың жүру бөлігінің ортасында қайыр сұрайтын адамдар өздеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді. Патрульдік полиция қызметкерлері қызмет барысында осындай фактілерді анықтап, оларды аудандық полиция басқармасына жеткізеді. Егер олардың арасында шетелдік азаматтар бар болса, біздің бөлімшенің қызметкерлері кіріседі», – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.