Алматыда жаңа маршруттар ашылады

Алматыда жаңа маршруттар ашылады
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматы Қалалық мобилділік басқармасы 10 қаңтардан бастап №49 жаңа маршрут іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол Б.Момышұлы метро бекетінен Абай даңғылы - Әшімов көшесі - Сабденов көшесі - Алатау даңғылы - Алтын орда көшесі бойынша, одан әрі Карьерная көшесімен жүріп, кері бағытта бұрылады да сызбасы бойынша қозғалатын болады.

Желіде 7 жаңа автобус 13 минуттық жиілікпен қызмет көрсетеді.