Еліміз 2026 жылға қарай фосфор мен азот тыңайтқыштарын толық өзі өндіретін болады

Еліміз 2026 жылға қарай фосфор мен азот тыңайтқыштарын толық өзі өндіретін болады Сурет: Agro-mart.kz

Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осындай жоспарын ортаға салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Бүгінде фосфорит кен орындары бойынша «Қазфосфат», «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» және «Созақ фосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс істеп жатыр. Өндірудің жиынтық көлемі 4 млн тонна болмақ. Калий тыңайтқыштары бойынша 4 кен орны бар, олардың үшеуі Батыс Қазақстан облысында және біреуі Ақтөбе облысында. Біз биылдан бастап 2026 жылға қарай ішкі нарықтың фосфор және азот тыңайтқыштарына қажеттілігін толығымен өтейтін жобаларды бастаймыз», - деді министр.



Сондай-ақ, бүгінгі Үкімет отырысында Самұрық-Қазына қорының миссиясы қайта қаралады.



«Квазимемлекеттік сектордың рөлін қайта қарау шеңберінде мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру және «Самұрық-Қазына» қорын реформалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы бағыт бойынша мемлекет қатысуының нақты өлшемі квазимемлекеттік сектор субьектілерінің жаңа сыныптамасы, сондай-ақ корпоративтік басқарудың жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен модельдері айқындалады», - деді ол.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01