Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің маңында құбыр жарылды

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің маңында құбыр жарылды
Сурет: Inform.kz

16 қаңтарда түнде Алмалы ауданы Сайран көлінің маңында орналасқан «Жайлы» тұрғын үй кешенінің аумағында жылу құбыры жарылды. 

Салдарынан бірнеше көп қабатты үй уақытша жылусыз қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алматы қалалық коммуналдық қызмет өкілінің айтуынша, жарылған жылу құбыры тұрғын үй кешенінің балансында.

«Таңғы сағат 3 пен 4-тің арасында ішкі учаскеде жылу құбыры жарылды. Біздің мамандар апат орнына барып, оны қалпына келтіруге көмектесті. Таңғы сағат 8-ге қарай үйлерге жылу берілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», - деді Алматы қаласы Жылу энерго кешені және ТКШ ресми өкілі Ян Гирин.

Оның айтуынша, құбыр 2003 жылы пайдалануға берілген. Оның диаметрі - 150 сантиметр.