Алматыда өздерін ТЖМ қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар ұсталды

Алматыда өздерін ТЖМ қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар ұсталды
Сурет: Ratel.kz

Бұл қылмыстың жазасы - мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Алматы прокуратурасы өзін Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлеріміз деп таныстырып, жергілікті кәсіпкерлерден ақша бопсалаған «Нұр-Сұлтан Пром Безопасность» ЖШС қызметкерлеріне қатысты соталды тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қадағалау органының баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу кезінде күдіктілердің Алматыдағы Наурызбай және Әуезов аудандарындағы 24 кәсіпкерге қатысты бопсалау ісіне қатысы бары анықталған.

Бірінші кезеңде ұйымның техникалық қызметкері ретінде есепте тұрған 1991 және 1995 жылы туған екі адам ұсталды. Кейіннен серіктестік директорының 1995 жылғы орынбасарының қатысы бар екені анықталды, оған да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы «Бірнеше рет жасалған алаяқтық» бойынша айып тағылған.

«Бұл қылмыстың жазасы - мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Соталды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша, Алматы қаласы Наурызбай ауданының прокуратурасы қылмыстық істі сотқа қарауға жіберді. Мұндай заңсыз әрекеттер бизнеске қысымды төмендету бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік шаралардың беделін түсіреді және зиян келтіреді», - деді прокуратура.