Президент жалақы өсімі туралы статистика жайында: Бұл - нағыз көзбояушылық

Президент жалақы өсімі туралы статистика жайында: Бұл - нағыз көзбояушылық
inva.kz

"Орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді" деген көпірме есеп беріліп жүр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда 1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл - соңғы 10 жылдағы ең нашар көрсеткіш. Сөйте тұра, "орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді" деген көпірме есеп берілуде. Бұл - нағыз көзбояушылық. Менің тапсырмам бойынша халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл құжатта тұрғындардың кірісін көбейтумен қатар орынсыз шығынын азайтатын тың шаралар қарастырылуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.