Алматыда ҰҚК академиясының курсанты өзіне қол салды

Алматыда ҰҚК академиясының курсанты өзіне қол салды
сурет: alataunews.kz

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Алматыда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанты қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, курсант өз-өзіне қол салған.

«2023 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасынан үшінші курс курсантының мәйіті табылды. Өлім себебі - суицид», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілуде», - деп мәлімдеді комитеттегілер.