Алматыда джиу джитсудан халықаралық турнир басталды

Алматыда джиу джитсудан халықаралық турнир басталды
сурет: Қ.Қоныспаев

Жарысқа әртүрлі елдерден 900-ге жуық спортшы қатысуда.

Алматыда балалар, жасөспірімдер, ересектер және шеберлер арасында AIGA грэпплингтен Almaty Open 2023 KIDS / ADULTS / MASTERS турнирі ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Жарысқа Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және Ресейдің әр өңірінен 900-ден астам спортшы, сондай-ақ Алматы облыстық балалар үйі мен «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

Турнирге жалпы саны 900-ге жуық қатысушы тіркелді. Сонымен бірге өңірлерден де қатысушылар бар. Алматы облысының «Жанұя» балалар үйінен келіп, қатынасты.

«Бұл халықаралық турнир болып саналады. Мұны жыл сайын өткіземіз. Осымен қатарынан үшінші рет өткізіп тұрмыз. Бұған алыс-жақын шетел мен өңірлерден келген жас спортшылар қатысуда. Осы жолы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келген спортшылар белсенділік байқатуда. Спортшылар үшін осындай жарыстардың маңызы өте жоғары дегіміз келеді», - деді Грэплинг федерациясы Президенті Ақмарал Қанатбаева.

Халықаралық турнирге дайындық барысы, жаттығу қызу жүрген. Бұл туралы джиу джитсу мамандары пікір білдірді.

«Біз құрамамызбен өте тыңғылықты дайындалып келдік. Белгілі бір жарысқа бармай тұрып, алдыменен жаттығуға көңіл бөлу керек. Өзіміз де сол этаптан өттік. Түрксіб ауданындағы жаттығу залында барынша спортшылардың дайындығын пысықтадық», - деді жаттықтырушы Максим Пай.

Айта кетейік, турнир 2 күнге созылады. Аяқталу уақыты - 12 ақпан.