Алматыда екі автобус соқтығысып қалды, зардап шеккендер бар

Алматыда екі автобус соқтығысып қалды, зардап шеккендер бар
Сурет: 24.kz

Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті.

Жол апаты кеше таңғы ондар шамасында болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, оқиға Алатау ауданында тіркелген. Қиылыста 75 және 102 бағыттағы екі автобус соқтығысқан. Алдын ала ақпарат бойынша, 75-ші маршруттың жүргізушісі қашықтықты сақтамай, аялдамада жолушыларды түсіріп жатқан автобусқа соғылған.