Суррогат ананың құны қанша?

Суррогат ананың құны қанша?
Сурет: интернеттен

Тәжірибелі әйелдердің қызметі қымбат бағаланады.

Суррогат аналар өз қызметін 2,5 млн-нан 9 млн теңгеге дейін бағалайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ranking.kz-тің ақпаратына сай, Қазақстанның клиникаларында жасанды ұрықтандыру бағасы төмен, бұл шетелдіктер үшін оңтайлы болып отыр.

Қазақстанда заң бойынша суррогат ананың қызметін некеде тұрған, бедеулік диагнозы қойылған, физиологиялық тұрғыдан бала көтере алмайтын және туа алмайтын ерлі-зайыптылар ғана пайдалана алады.

Суррогат ана болу бағдарламасының құны миллиондаған теңгемен есептеледі.

Суррогат ананы іздеудің екінші нұсқасы – репродуктивті медициналық клиника. Бұндай мекемеде тіркелген әйелдердің қызмет құны – 3-7 млн теңге.

Негізгі шығындар пакетіне әйелдің ақысынан бөлек, оны ай сайын күту де кіреді (200 мыңнан 250 мың теңгеге дейін). Міндетті шығындардың тағы бірі – генетикалық ата-аналарға арналған ЭКҰ бағдарламасын тікелей жүргізу. Ерлі-зайыптыларға бұл үшін 1,5-2 миллион теңге жұмсауға тура келеді. Бұл сома оператив жыныс жасушаларын алу үшін немесе эмбриондарды қосымша генетикалық зерттеу кезінде жедел медициналық процедураларды жүргізу қажет болған жағдайда көбірек болуы мүмкін.

Сондай-ақ міндетті шығынға генетикалық ата-аналар мен суррогат ана арасында шарт жасасудың нотариаттық қызметтері кіреді: шамамен 60 мың теңге. Осылайша, суррогат ана бағдарламасының маңызды кезеңдерін өткізу шығыны 6,7 млн-нан 11,3 млн теңгеге дейін барады.