Алматыда БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталығы ашылады

Алматыда БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталығы ашылады
Сурет: Аqorda_resmi

Орталық Азия мен Ауғанстан мәселелеріне арналған.

Тоқаев Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталығын ашу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Президент Римге ресми сапары аясындағы БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесуінде Ауғанстандағы жағдайға баса назар аударды. Мемлекет басшысының пікірінше, халықаралық қоғамдастықтың осы елдегі гуманитарлық дағдарысты тоқтату ісін жалғастыруы өте маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталығын ашу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Бұл Орталықтың қызметі аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды нығайтуда БҰҰ-ның ведомствоаралық үйлестіру жұмысын реттеуге мүмкіндік береді.