Қазақстан былтыр алты мемлекетке гуманитарлық көмек берген

Қазақстан былтыр алты мемлекетке гуманитарлық көмек берген
Сурет: Аqorda_resmi

Көмек құны 9,2 миллион доллар.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Римге ресми сапары аясында БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Президент бүгінгі кездесу жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешуге бағытталған Қазақстан мен аталған ұйым арасындағы серіктестікті талқылауға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мемлекет басшысы еліміздің жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және БҰҰ, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы секілді басқа да халықаралық ұйымдар аясында гуманитарлық көмек көрсету бойынша жүзеге асырып жатқан шаралары жайында айтты.

2023 жылы Қазақстан алты мемлекетке 9,2 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті. Еліміз Газа секторындағы күрделі ахуалды ескере отырып, Палестина халқына қайырымдылық шарасы ретінде 1 миллион доллар бөлді және 2 рет гуманитарлық көмек жеткізді. Сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккен Ауғанстан, Түркия, Пәкістан және басқа да елдерге қаржылай көмек көрсетті.