Алматыда алаяқтық жасаған адам ұсталды

Алматыда алаяқтық жасаған адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда полиция жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп азаматқа жалған уәде берген күдіктіні ұстады.

Алматы тұрғынының айтуынша, бейтаныс ер адам жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деген желеумен алаяқтық жолмен қаражатты иемденіп кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті өз қызметін 335 мың теңгеге бағалағаны белгілі болды.

«Біздің бөлімшенің қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Р.есімді азаматты ұстады, ол өз қылмысын толық мойындады. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты басқа да ықтимал эпизодтарды анықтау жұмыстарын жүргізудеміз», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.