Алматыда 600-ден астам дауыс беру учаскесі жұмысын бастады

Алматыда 600-ден астам дауыс беру учаскесі жұмысын бастады
almaty-akshamy.kz

Алматылықтар мегаполистің барлық сегіз ауданында біркелкі орналасқан 602 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. 

Дауыс беруге арналған ғимараттар қажетті ақпараттық материалдармен жабдықталған. No3 сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына қатысты ақпараттық материалдардың бір бөлігі бүгін күннің соңына дейін осы округтегі сайлау учаскелерінің стендтерінде орналастырылады.

Сайлауға дайындық барысында сайлаушыларға дауыс беру уақыты, орны, сайлау учаскелерінің мекенжайлары көрсетілген 1 миллион 202 мың шақыру қағазы жасалып, таратылды.