Шетелде уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары қалай дауыс береді?

Шетелде уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары қалай дауыс береді?
almaty-akshamy.kz

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына шетелде уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары да қатыса алады. Ол үшін 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі ашылды.

Ресейде барлығы 5 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Олар Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Қазан және Омбы қалаларында орналасқан.

Барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалған.