Алтынай ҚАСЕНОВА, экономика ғылымының PhD докторы: Еліміздің ең басты дүниесі  Тәуелсіздік

Алтынай ҚАСЕНОВА, экономика ғылымының PhD докторы: Еліміздің ең басты дүниесі  Тәуелсіздік

– Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Отыз жыл дегеніңіз, қарап тұрсаңыз аз ғана кезең. Бірақ осы жауапты жылдар еліміздің болашағына деген үлкен қадамдардың бастауы.

Бүгінде елімізді экономика тұрғысында қарқынды дамып келе жатқан мемлекет деп таныса, бір жағынан бейбітшілікті ту еткен, ұлттар достығының үлгісі деп те таниды. Əрине, бұл ретте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың еселі еңбегін айтып өткен жөн. Себебі, Тəуелсіздік пен Елбасының есімі қатар жүреді. Барлық ғұмырын елге қызмет етуге арнап келе жатқан тұлғаның ізгі жолы кейінгіге үлкен өнеге. Бүгінде шартарапта өзіндік беделі, өзіндік ұстанымы бар, өзгелердің біздің оймен санасатындай мемлекет деңгейіне көтерілуі Елбасының қажырлы еңбегінің арқасы.

Тəуелсіздікке жету қандай қиын болса, оны сақтап қалу да сондай қиын. Бүгінде əрбір азамат бабалар аңсаған еркіндіктің қадіріне жете біліп, ақыретке дейін Тəуелсіздігіміздің баянды болуына ниетті болу керек.