Алматыда 1250 балаға сөмке таратылды

Алматыда 1250 балаға сөмке таратылды
Сурет: ҚМДБ

Қайырымдылық шарасына Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысып, балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

ҚМДБ Алматы қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жаңа оқу жылына - жаңа жабдықтар» атты мектепке жол қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Айта кетсек, бүгін бір мезетте Орталық мешіттен бастап қала бойынша барлық аудандық мешіттерде ҚМДБ бастамасымен дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы бойынша жаңа оқу жабдықтары салынған сөмкелер табысталды. Орталық мешітте 500 балаға көмек көрсетілсе, тұрмысы төмен көмекке мұқтаж отбасыларынан 750 балаға аудандық мешіттерде имамдар оқу жабдықтарымен сөмке үлестірілді", делінген Орталық мешіттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының  Алматы қаласы бойынша өкілдігі мұрындық болған қайырымдылық шарасына жомарт жандар демеушілік көрсетті. Жақсылықта жарысқан азаматтарға Алла разы болғай!