Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Сурет: Inform.kz

Бұл туралы қала тұрғындарын Төтенше жағдай департаменті ескертті.

Алматы облысының тауларында 1-5 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан, қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Алматы облысының аумағында Іле Алатауы тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске бар», - делінген департамент хабарламасында.

Қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.