Биылғы оқу жылының каникул мерзімі бекітілді

Биылғы оқу жылының каникул мерзімі бекітілді
сурет: Ken-zhyloi.kz

Қазақстанда 2021-2022 оқу жылының тәртібі қалай өтетіні айтылды.

ҚР Білім және ғылым министрі Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Құжат бойынша, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалды: Жаңа оқу жылы әдеттегідей 2021 жылғы 1 қыркүйекте басталады. 

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 аптаға, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 аптаға жетеді. Каникул кезеңдері: бүкіл сыныптарда  күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында). 1-сыныптарға арналған қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында) болып белгіленді.